Аягөз ауданында #ArdagerNurOtan онлайн акциясы өтті

461
көрілім

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партиямыздың жас белсенділерінің бастауымен қазан айы бойы еліміз бойынша #ArdagerNurOtan онлайн акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен ниеттес, ел болашағына алаңдайтын, қазыналы ардагерлеріміздің ақпараттық-танымдық бейнероликтері жинақталды.

Жас өрендермен кездескен ардагерлеріміз ел тәуелсіздігін құрудағы құнды әңгімелерімен бөлісті.

Қатысушылар қатарында Ұлы Отан және тыл еңбегінің ардагерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, еңбек ерлері, өңірлердің құрметті ардагерлері болды.

Акция аясында республика бойынша 1700-ден астам бейнеролик түсіріліп, оның ішінен үздік 30 бейне материал таңдалды.

 - Бүгін осы байқаудың жеңімпаздарының бірі, Шығыс Қазақстан Облысы, Аягөз қаласының тұрғыны, Сауда саласына 33 жыл еңбек сіңірген, бүгінде Аягөз қаласының белгілі «Таксисті» - Оразхан Манабаева әжемізді құттықтап қайттық. Ардагер апамыз өзінің 71 жасына қарамастан көлік жүргізіп қайсарлығы мен белсенділігін әлі сақтап келеді. Сонымен қатар Аудандық «Мөлдір сана» газетінде бірнеше мақалалары жарық көрген. Ел үшін адал қызмет етіп, әлеуметке көмек қолын созған бұл іскер ардагерлер - Тәуелсіздігіміздің құраушылары, бейбіт өміріміздің бастаушылары. Оларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ жасотандықтармен ақылдаса келе, жас демеушілердің қолдауымен әрбір жеңімпаз ардагерімізге 100 мың теңгеден қаржылай сыйлық беруді ұйғардық, - делінген мәліметте.

Аягөз аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжегүл Ғабдуллина, Аягөз аудандық “Nur Otan” партиясы филиалы журналисті Назерке Байтөлеуова және «Jas Otan» жастар қанатының өкілі ретінде жастар ресурстық орталығының директоры Ермек Сабитов пен Жастар ресурстық орталығының журналисті Жанар Жахат құттықтап, арнайы алғыс хат пен 100 мың теңге қаржылай сыйлық табыстады.