Аягөз ауданының мұғалімдері 11 мың дана маска тіккен

519
көрілім

Бұл туралы әлеуметтік желіде аудандық білім бөлімінің әдіскері Бибігүл Жақсыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, тігілген маскалар мұқтаж жандарға таратылуда.
– Елімізде төтенше жағдай жарияланғаны баршамызға аян. Осыған орай, ауданымыздағы білім беру мекемелерінің технология пәні мұғалімдері қоғамға аз да болса  үлес қосу мақсатында маска тігуді қолға алды. Қазіргі уақытта қаладағы №1, №3, №4, №5, №6 және Д.Бабатайұлы, К.Бозтаев атындағы орта мектептері, қалалық №10 мектеп-гимназиясы, көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы, сонымен қатар қалалық қазақ мектеп-лицейінің мұғалімдері 11 000 дана масканы көмекке мұқтаж қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үлестіруде, – деп жазды Бибігүл Жақсыбаева.