Азия ойындары: Қазақстан құрамасы семсерлесуден екінші орынды иеленді

1549
көрілім

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында семсерлесуден екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.  

23 қыркүек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу мен тағы бес қаласында Азия ойындары өтуде. 24 қыркүйекте семсерлесуден жарыс басталды, Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында Шығыс Қазақстан облысының 2 спортшысы Құрбанов Руслан мен Шарлаимов Вадим сайысқа түсті.
1/8 финалда Моңғолия құрамасын 45:12 есебімен ұтты;
1/4 финалда Вьетнам құрамасын 45/26 есебімен ұтты;
1/2 финалда Гонконг құрамасынан 45/30 есебімен басым түсті;
Финалда Жапония құрамасымен кездесіп, 35:36 есебімен жеңіліске ұшырады. Осылайша, Қазақстан Республикасы құрамасы екінші орынға ие болды.