Бал сату бас ауру болмайды

332
көрілім

Глубокое ауданында тұрғындардан сүт сатып алумен қатар бал өнімдерін сатып алу да орталықтандырылмақ.

Қазіргі уақытта аталмыш ауданда сүт дайындаумен айналысатын төрт ауылшаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұр. Аталмыш құрылымдар жеке азаматтардан сүт жинаумен айналысады. Сонымен қатар ауданда омарташыларды біріктірген кооператив те құрылған.

- Біз Қазақстанның бал шығаратын отанымыз десек артық айтпаймын, - дейді Глубокое ауданының әкімі Қаиқан Байғонұсов. - Біздің бал дәмді, әрі барлық әлемдік стандарттарға сай өнім. Құрылған кооператив омарта шаруашылықтарындағы қордаланған мәселелерді шешіп, өнімнің сатып алынуын орталықтандырмақ. Омарташының басы балды сатуға емес, ара санын көбейтіп, бал өндіруге ғана ауыруы қажет.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ