Байланыс бұғатталады

423
көрілім

Қазақстандықтар телефондарын тіркеу міндеті жайында тағы бір ескертілді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды IMEI-коды +SIM-картасы +иесінің ЖСН нөмірі бойынша міндетті тіркеу ережелері заңды күшіне енетін болады, деп хабарлайды NUR.KZ сайты ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевтың ақпаратына сілтеме жасап.

Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейтін болады. Осыған орай, ел азаматтары жыл соңына дейін қолдарындағы абоненттік құрылғыларды міндетті тіркетуден өткізулері керек. Ал уақыты келген кезде байланыс операторларында ұзын-сонар кезекті болдырмау мақсатымен ҚР ІІМ тіркеу жұмыстары алдын-ала жүргізе бастау керектігін тағы бір ескертті. Министрлік аталмыш шараның бірінші кезекте ел азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті.

- Егер ұялы телефоны тіркеуден кейін жоғалса, оны база арқылы тексеріп кімнің қолданып жүргенін білу оңай болмақ. Абоненттік құрылғының IMEI-коды арқылы оның ұрланған екені көрсетіліп тұрса байланыс операторларына да оған деген байланысты бұғаттауға мүмкіндік болмақ, - деп қосты Алмас Садубаев.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ