Бір күнде жарты метр қар: ШҚО қоғамдық көліктерінде мәселелер пайда болды

331
көрілім

Қалың қар салдарынан Алтай қаласының жүргізушілері автобус бағытын өзгертуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ресми мәліметтер бойынша Алтай қаласына өткен тәулікте шамамен 50 см қар жауған.

Қар дың жаууы19 қараша күні таңертең басталған. Қала тұрғындары қар тазалайтын агрегаттардың аздығынан қаланы қар басып қалды деп шағымданды.

- Мен шамамен кешкі сағат 16.00 кезінде балабақшадан немеремді алып кетуге бардым. Жолды қар алып қалған. Қаланың орталық көшелерімен өттім, ешқандай тракторлар көрмедім, - дейді қала тұрғыны Валерий Мусин.

Жолдағы қиындықтарға жеке меншік техника иелері ғана емес, қоғамдық көлік жүргізушілері де тап болды.

№17 мектеп бағытына қарай жүретін №5 автобус қалың қардың кесірінен жүре алмағандықтан кешкі сағат 17.00-ден бастап мектеп жанындағы аялдамаға келмеген.

Бүгінгі жағдай да мәз емес. Оқу орнынан едәуір қашықтықта тұратын балалар сабаққа келе алмады. Таңертең №5 автобус жүретін Ломоносов көшесі қардан әлі тазаланбаған. Куәгерлер ұсынған бейнематериалдар да белгіленген жерге жетпеген.

Кеше (19 қараша – ред.), қаланы қардан тазартатын техника сағат 23: 30-да шықта, кезек таңертең ауысты, - дейді Алтай қаласының әкімі Константин Переделский. - Бүгін олар барлық орталық көшелерді тазалап, жеке сектордың көп бөлігін қамтуға тырысады. Үшінші ауысым түнде жұмыс істейді.