Бостандыққа бейімдеу жұмыстары жүргізілді

293
көрілім

Жуықта шаруашылық көрсету жасағындағы сотталғандарды бостандыққа дайындау мақсатында  ОВ-156/1 мекемесінің САТжӘПЖБ бөлімі «АНТАРЕС-А қоғамдық қоры» психологымен бірлесе отырып, «Менің құндылықтарым» атты тренинг жүргізді.
– Темір торда отыру әркімге әр түрлі әсер етуі мүмкін. Біреуге сабақ болар, біреуі түңіліп жылар, бұзылар... Бірақ, менің темірторға түсіп, жазаланғанымды сынақ деп қабылдадым. Маған үлкен сабақ болды. Еркіндікті бағаламағанымды түсіндім. Ертең бостандыққа шыққан соң не істеймін? Осыған жоспар құрып, қағазға түртіп жазып жүрмін, – дейді сотталған Қ.М.  
Тренинг кезінде сотталғандар темір торға ойнап жүріп от басып түскендерін айтты. Қалай дегенмен, адами қасиеттерін жоғалпағандары психологтарға көрініп тұрды.
– Сотталғандармен тәрбие жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Темір тордан түзеліп шығуы үшін әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Психологтардың ақыл-кеңестерін тыңдайды. Мұнда еркіндікті қадірін түсінеді. Ол анық. Ата-аналарын, бала-шағаларын сағынады. Бостандықты бағалағандар келесі жолы тәртіп бұзудан аулақ болады, – дейді жасақ бастығы, әділет майоры А. Тулегенова.