Бүгін ШҚО-ның бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды

331
көрілім

Төтенше жағдайлар қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес бүгін облыс орталығында ауа сапасы нашарлап, қаланы тұман тұмшалайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қолайсыз метеорологиялық жағдай 10 қаңтарда тек Өскеменде емес, Риддер қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде кешкі сағат 21:00-ге дейін сақталады.  «Қазгидромет» РМК таратқан ақпарат та осыған үндес. Кәсіпорын берген мәліметте  елордадан бастап Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Атырау, Қызылорда, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны жазылған.
 Алайда қолайсыз метеорологиялық жағдай аталған қалаларда 3 қаңтардан бастап орын алған болатын. «Қазгидромет» мамандары Өскеменде ауада күкіртті сутек мөлшерінің артқандығын анықтаған. Ал ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегілер 10 қаңтарда шаһарды қалың тұман басатындығын жеткізді.