Бұланды атқан риддерлік бір жылға бостандығынан шектелді

752
көрілім
Шартты фотосурет

Аумақтық инспекция таратқан мәліметке сәйкес аңды атқаны үшін кеткен шығын мөлшері 2 миллион теңгеден асып жығылған, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейін бірден бірнеше ведомство қызметкерлері тексеріс жүргізгенде Глубокое ауданында Сакмариха өзенінің жағасында атылған бұланның жанындағы екі адамды байқаған-тұғын. Белгілі болғандай, Риддер қаласының қос тұрғыны тегіс ұңғылы қарудан ұрғашы бұланды атып алған.

– Ақпан айының 10-ы күні қалалық сот айыптыға бір жыл бостандығынан шектеу жазасын бекітті. Бұдан бөлек, екі жылға аңшылыққа қатысты өзге қызметтермен айналысуға шектеді, – делінген аумақтық инспекция таратқан мәліметте.