Даниал Ахметов: «Медициналық мекемелер ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді»

580
көрілім

Аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасына облыстағы барлық емдеу мекемелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын толыққанды тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті облыс әкімдігі отырысында аймақ басшысы енді медициналық мекемелер жөндеу жұмыстарын өз қаражат есебінен жүргізетіндіктерін атап өтті.

– Емдеу мекемелерінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің ақысына жаңа қондырғыларды сатып алу мен жөндеу жұмыстары еңгізілген. Бірақ, облысымыздағы бір де бір аурухана жөндеу жұмыстарын өз қаражаттары есебінен жүргізбейді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Енді бюджеттік қаражат тек материалдық тұрғыдан қауқарсыз емханалар мен ауруханаларға бөлінбек.