Дәріге тәуелді болып қалды

401
көрілім

Зайсан ауданындағы дәріханалардың бірінде Феназепам атты дәрі ешқандай рецепсіз сатылып жүр. Бұл дәрінің құрамында есірткі заты бар болғандықтан, жұбайым оған тәуелді болып қалды. Білгім келетіні, фармацевтердің бұл дәріні рецепсіз сатуға құқығы бар ма?

Зайсан ауданынан тұрақты оқырман

Сіздің сауалыңызға ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова жауап берді:

Феназепам – психотропты дәрілердің ішінде бензодиазепинді препораттардың құрамына кіреді. Егер бұл дәріні күніне 4 миллиграмнан көп ішкен жағдайға, ол тәуелділік тудыруы мүмкін. Препаратты дәріханалардағы фармацевтер тек дәрігердің рецебімен ғана сата алады.

Бұл дәріні медицина қызметкерлері келесі жағдайларда тағайындайды:

Қорқыныш, уайым, ашушаңдық, сезімталдық тударатын невротикалық және әртүрлі психикалық ауруларға душар болғанда.

Миоклоникалық эпилепсиямен ауыратындарға.

Гиперкинез, дене мүшелерінің, жүйкенің еріксіз тартуы (тик), бұлшықеттің қатаңдығы сынды аурулардан ем ретінде.