Дүбірлі дода

608
көрілім

Ақпан айының соңғы сенбісі Күршім ауданының Қалжыр ауылында қарбаласқа толы болып, айрықша әсермен өтті. Олай деуімізге үлкен себеп бар. Қыстың соңғы күндері бұл ауылда нағыз қыс мезгілінің ойыны саналатын шайбалы хоккейден мектеп құрамалары арасында тартысты дода өтті.

Күршім ауданы әкімінің ресми сайтының хабарлауынша, 2018 жылдың 24 ақпаны күні Қалжыр ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін мектеп оқушыларының құрама командалары және 2005-2006 жылғы туған жасөспірімдер арасында жас ерекшелігі бойынша шайбалы хоккейден мектепаралық «Жұлдызша» аудандық турнир өтті. Турнирге Күршім ауданының Қалжыр, Боран, Ақжайлау, Марқакөл ауылдық мектептерінің командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша, ересектер арасында командалық 3-ші орынды – Боран-2, 2-ші орынды – Қалжыр, 1-ші орынды –Боран-1 командалары иеленді.

Кіші топта командалық 3-ші орынды –Ақжайлау, 2-ші орынды – Марқакөл-1, 1-ші орынды – Боран ауылының спортшылары иеленді.Жүлделі орын алған спортшылар мен командалар арнайы дайындалған мадақтама грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, — деп жазылған Күршім ауданы әкімінің сайтында.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ