Экологиялық куәлікті қайта жасатуға бола ма?

556
көрілім
senior manager is Giving a lot of work.

Ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен аймақта тұрғанымды дәлелдейтін экологиялық куәлігімді жоғалтып алған едім. Енді аталған куәлікті қайта жасата аламын ба? Болса, қайда жүгінуге болады?

Тарбағатай ауданынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев жауап берді:

Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 стандартына сәйкес куәліктің телнұсқасын алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттар ұсынады:

1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2. Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3. 1949 жылдан бастап 1990 жылды қоса алған кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік) ұсынады.

Куәліктің телнұсқасын беру — көрсетілген қызметті алушының өтініші тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ала алады.