Елімізде 188 мың адам асыраушысынан айрылуына байланысты көмек алып отыр

102
көрілім
ашық дереккөзден

Елімізде 188 мың адам асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттен көмек алып отыр деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылған. «2024 жылы 4 миллионнан астам адам жалпы сомасы 5,4 трлн теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады», - делінген министрліктің мәліметінде. Бұл төлемдердің санаты мынандай:

1) Зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-да МЗЖ МКЗЖ сақталуына мемлекеттік кепілдіктер) 2,4 млн адам;

2) Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы – 547,1 мың адам;

3) Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы – шамамен 188 мың адам;

4) Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына байланысты, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға) - 1,5 млн адам;

5) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедек адамдарға, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, Кеңес Одағының, Социалистік Еңбек Батырлары, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалерлері, мүгедектігі бар адамдар мен балалар және т. б.) 220,4 мың алушы; 6) Басқа төлемдер (біржолғы ақшалай өтемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар) – 297,9 мың адам. Сондай-ақ, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 841,2 мың адамға бір жылдың ішінде 75,9 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленеді.