Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

305
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 8 қаңтар күні ел астанасы - Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа ластанады.

Еліміздің өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы ықтимал.