Еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда еңбек қызметін растайтын басқа құжаттар қатарына не жатады?

440
көрілім

Егерде еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда еңбек қызметін растайтын басқа құжаттар қатарына не жатады?

Расул, Глубокое ауданы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында еңбек қызметін растайтын құжаттар қатары былай деп көрсетілген:

— тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;

— еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен үзiндi көшiрмелер;

— қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;

— жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi);

— аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi көшiрмелер;

— жүргiзiлген әлеуметтiк аударымдар туралы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан мәлiметтер;

— қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады.