Ерғали Бахаев: Таулы аймақта қар тез еріп жатыр

86
көрілім

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы су тасқыны қауіпінің алдын алуда аудан әкімдері де белсенуі керектігі айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір облыстағы гидрометеорологиялық жағдай тұрақсыз. Көп ауданда қатты жауын-шашын күтіледі, кей жақта қар жаууы мүмкін. 
- Әзірге Үлбі өзеніндегі жағдай тұрақты. Бірақ күн жылынса, облыс аумағында су тасқыны жағдайы қалыптасуы ғажап емес. Таулы аймақта қар тез еріп жатыр. Аудан әкімдері де осы мақсатта аянып қалмаулары керек. “Қазгидромет” өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қауіпті аумақтар тікұшақпен тексеріліп тұрады. Анығы сол, өзендердегі су деңгейі түсіп келеді, - деді Департамен бастығы.
Мәлім болғандай, төтенше жағдайлар Департаменті өкілдері еріген судың ауылдарға төндірер қауіпін қатаң бақылап отыр. Соған қарамастан Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Глубокое, Алтай аудандары және Риддер қаласында су басу қауіпі сақталып отыр. Бүгінде 8530 текше метр су сорғытылған.
Әділхан ЕСІМХАНОВ