Глубокое ауданында 49 арық қардан тазартылды

172
көрілім

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауданның су объектілерінде су деңгейінің көтерілуін анықтау үшін бақылау белгілері қойылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Глубокое ауданында өткен жылдың күзінде жауған мол жауын-шашын топырақты орташа жылдық көрсеткіштерден жоғары ылғалдандырды. Желтоқсанда ұзаққа созылған аяз өзендер мен бұлақтар ағысына теріс әсер етіп, қатуына әкелді.
- Наурыз айында күннің күрт жылынуы және жаңбыр түріндегі жауын-шашын биіктен еріген су көлемінің ұлғаюына әкелді. Осыған байланысты ауданда гидрологиялық жағдайға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру арқылы еріген қар суын өткізуді сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.


Ауданның су объектілерінде су деңгейінің көтерілуін анықтау үшін бақылау белгілері қойылған. Су тасқыны қаупі бар елді мекендерден 9 мың текше метрден астам қар шығарылды. - Арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазарту, мұзды механикалық ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте 12 канал, 49 арық тазартылып, тереңдетілді. 8 көпір, авто және теміржолдардағы 91 су өткізу құрылыстары тазартылды. Қазіргі уақытта аудан бойынша гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі төмен, - делінген мәліметте.


Естеріңізге сала кетейік, Глубокое ауданында тасқын және еріген су басуы ықтимал 15 елді мекен есепке алынған.
Жағдай күрделене түссе, 170 адам, 144 бірлік техника жұмылдырылмақ. Екі бірлік жүзу құралы, 29 мотопомпа және 100 тонна инертті материалдар қолданылмақ.
Фотосуреттер ШҚО ТЖД