Глубокое ауданында Мәдениет үйі салынбақ

289
көрілім

Бұл жөнінде облыс орталығында өткен брифингіде Глубокое ауданының әкімі ой бөлісіп, бөлінген қаражат мөлшеріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен «100 ауылды абаттандыру» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 230 млн теңге, аудан орталығына 100 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінген екен. Маңыздысы сол, құрылыс мерзімі екі жыл ішінде аяқталмақ.

– Жобаны іске асыру басталып кетті. 2019 жылға 400 млн теңге қарастырылды, – дейді аудан әкімі Қалихан Байғонысов. – Бекітілген мердігер «Элхон» ЖШС. Сондай-ақ тағы 10 млн теңге бюджет 4-ші деңгейге көшкен 13 ауылдық округке жұмсалмақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ