Қалихан Байғонысов: «Ауданымыз дәнді дақылдар мен күнбағыс өнімділігі бойынша облыста көш басында тұр»

398
көрілім

ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз жиынында Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонысов ауылшаруашылығы бойынша атқарылған істерге тоқталып, егістік жұмыстары жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің сөзіне сенсек, биыл егістік жинау алқабы 101,4 мың гектарды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 450 гектарға жоғары екен. Қалихан Байғозыұлы бұл нәтижені көңіл көншітерлік деп бағалап, әлі де болса ауылшаруашылық саласына қажетті мөлшерде қолдау көрсету жағына тоқталды.

– Күні кеше 57,7 мың гектар жерде дәнді дақылдар жинау жұмыстары аяқталды, – дейді аудан басшысы. – Бұл дегеніміз – 162 тонна астық. Ал майлы дақылдар 36 мың гектар алқаптан жиналды. Мұның барлығы өткен жылмен салыстырғанда тәуір көрсеткіш. Ауданның агроқұрылымдары, дақылдарын өсіру технологияларын жетілдіру нәтижесінде дәнді дақылдар мен күнбағыс өнімділігі бойынша облыста көш басында тұр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ