Қалтамыз қағылды

671
көрілім

Балаларым оқитын мектеп мұғалімдері бізге білім ордасының эмблемасын қайдан сатып алу керектігін айтты. Алайда ол дүкенде эмблеманы жеке емес, тек костюммен, жилетпен немесе жемпірмен бірге сатады екен. Сонда біз мектеп эмблемасын алу үшін сол киімге де ақша шығару керекпіз бе? Егер эмблема міндетті болса, неге оны жеке сатпайды? Амалсыздан балаларым елден қалмасын деп эмблема мен жилетті сатып алуға мәжбүр болдық…

Айдана Сұлтанбекова

Бұл сауалдың жауабы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ресми блогынан табылды:

– Әр мектептің оқушысы сол білім ордасының эмблемасын тағып жүруі керек. Эмблеманың кескін-келбетін мектеп пен ата-аналар комитеті құрастырады. Сыбайлас жемқорлыққа апармас үшін эмблема мектеп сайтында орналастырылу қажет. Ата-аналар эмблеманы өз беттерімен немесе арнайы полиграфиялық мекемелерге тапсырыс беру арқылы жасата алады.