Қанат Ислам жекпе-жегінің тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

756
көрілім

27 мамырда, яғни ертең Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтының қазақ бөлімі.

32 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы 35 жастағы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирден «Қазақстан» және КazSport арналары көрсетеді. Тікелей трансляция Астана уақыты бойынша 06:00-де басталады.

Айта кетейік, жекпе-жек Флорида шататындағы Boca raton resort & club ғимаратында өтеді. Қазақстандық боксшы 23 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жетті, оның ішінде 19 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Гонсалес 23 жекпе-жек өткізіп, сегіз рет жеңілген.

Еске салайық, бұл кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) мексикалық Густаво Гарибамен (13-8-2, 5 КО) жұдырықтасады.