Қазақстан халқының саны 20 млн адамға жуықтады

395
көрілім
Фото:аikyn.kz сайтынан

Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 1,4%-ке артты.Buqara.kz бұл туралы Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.

Жыл басталғанда халық саны 19,8 млн адам болып, жылдық көрсеткіш 1,35%-ке жеткен. Жалпы ел тұрғындары санының өсу қарқыны 1,28%–1,49% шамасында тұр. 2022 жылы ғана алғаш рет халық саны 3,3%-ке өскені байқалды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, тұрғын саны ең көп өңірлердің үштігі: Алматы қаласы (2,2 млн адам), Түркістан облысы (2,1 млн адам) және Алматы облысы (1,5 млн адам). Халық саны ең аз аймақтар – Ұлытау (221,5 мың адам), Солтүстік Қазақстан (531,7 мың) және Абай (608,9 мың адам) облыстары екен.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық саны азайғаны байқалған.

Жыл басындағы көрсеткіш бойынша, еркектер саны жылына 1,4%-ке, 9,6 млн адамға дейін, ал әйелдер саны 1,3%-ке, 10,1 млн адамға артқан.

Жалпы әйелдер саны еркектерден 4,9%-ке көп.

Ел тұрғындарының 35,5%-і, яғни 7 млн адам – 18 жасқа толмаған бала. 29 жасқа дейінгі кәмелетке толған жастар саны 2,7 млн адам болып шықты.

60-69 жас аралығындағы тұрғындар – 1,6 млн, 70-79 жас аралығы – 681,6 мың адам, 80 жастан асқан тұрғындар саны – 317,3 мың адам.