Қазақстанда бір күнде 82 дәрігер коронавирус жұқтырды

70
көрілім
Шартты фотосурет

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова COVID-2019 ауруының пациенттерін емдемейтін дәрігерлердің арасында коронавирусты жұқтыру фактісі артып бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеуге, күтуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны да тез өсіп келе жатқанын атап өту керек. Сонымен қатар аталған контингент маңызды эпидемологиялық бөлім саналады. Яғни бұл санат инфекцияны ары қарай өршітуі мүмкін ошаққа айналу қаупі бар, - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы бүгін ғана COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеу және күту шараларымен айналыспайтын 82 адамның вирус жұқтырғанын айтып өтті.

– Жұқтырудың жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан (36), Алматы (33) қалаларында, сонымен қатар Атырау (6), Ақмола (3) облыстары және Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ ІІМ ведомствоаралық қызметінде тіркелді, - деді ол.

Людмила Бюрабекова Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан 8 адам, Ұлттық онкология және трансплантология орталығынан 16 адам, «Мейірім» медициналық орталығынан 7 адамның коронавиус жұқтырғанын мәлім етті.