Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

308
көрілім

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 18 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.

- Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді, - делінген хабарламада.