Қазақстандағы су тасқыны: С.Аманжолов атындағы ШҚУ зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

176
көрілім
Фотосуреттер С.Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметінен

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмек жинап, Ақтөбе облысына жөнелтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалып, 8 мыңға жуық мал шығынға кеткен. 64 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.


Университет қызметкерлері тамақ өнімдерін, суды тазартуға арналған сүзгілерді, жеке гигиена құралдарын, тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және жылы тұрмыстық керек-жарақтарды, көрпе-жастықтар жинаған. Студенттер де шетте қалмады. Жастар гуманитарлық көмекті жинастырып, жөнелтті.


ЖОО басшылығы атап өткендей, зардап шеккен азаматтарға көмек әрбір азаматтың борышы.