Қазақстандағы жұмыссыздар саны қанша?

302
көрілім

Статистика комитетінің мәліметінше Қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 443,2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Статистика комитетінің мәліметінше 2019 жылғы қазандағы жағдай бойынша республика экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,6 млн адам жалданып жұмыс істейді, бұл — жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75%-ы.
Ресми түрде осы жылдың қазан айының соңында жұмыспен қамту органдарында 165,8 мың адам тіркелді. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,8%-ын құрады.
Бұл ретте 2019 жылғы III тоқсанда жасырын жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 0,3% (24,9 мың адам) тең.