Қазақстандық боксшылар «Бостандық аралына» жетті

477
көрілім

Қазіргі уақытта Ұлттық құрама жаттықтырушыларының басты мақсаты – Олимпиада ойындары алдында барынша сапалы әзірлік жүргізіп, спортшыларды бабына келтіру. Осы мақсатпен Кубаға жол тартқан былғары қолғап шеберлері бүгін діттеген жеріне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, осының алдында Кубаға ұзын-саны қанша боксшының аттанғандығы жайлы мәлімет ұсынылған болатын. Тоғыз салмақта шеберліктерін шыңдайтын отандастырымызға кубалық қара маржандармен тәжірибе алмасу сөзсіз, жоғары деңгейлі дайындық болмақ. Семейлік Ермахан Жақпеков те құрамамен бірге.

– Боксшылар Куба еліне аман-есен жетті. Қазіргі уақытта спортшылар қонақ үйге орналасуда, – делінген ресми бокс парақшасы ұсынған мәліметте.