Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

297
көрілім

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) 17-орынды сақтап қалды. Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) үш сатыға төмендеп, 35-орынға табан тіреді.

Ал орта салмақта Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) көш бастап тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24-тен 25-орынға сырғыды.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) 26-орыннан түсіп, 30-позицияға орналасты.

Бірінші орташа дивизион өкілі Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) бір саты жоғары көтеріліп, 32-ші атанды.

Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі спортшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 19-орыннан 16-ға шықты.

Бұған дейін 37-орында болған жеңіл салмақтагы Виктор Коточигов (10-4, 4 КО) енді тізімде 38-інші болып тұр.