Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

138
көрілім
Фотосурет Azattyq-ruhy.kz сайтынан

Келесі айда қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

BaigeNews.kz мәліметінше, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 3-бабына сәйкес мамыр айында үш мереке атап өтіледі: Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (сәрсенбі), Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сейсенбі) және Жеңіс күні - 9 мамыр (бейсенбі).

Соған сәйкес, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 18, 19, 25, 26 мамырда демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша 1, 5, 7, 9, 12, 19 және 26 мамыр демалыс күндері болып бекітілді.