Кен орындары игерілмек

366
көрілім

2018 жылы Глубокое ауданы мен Семей қаласының маңында екі көмір кен орнына барлау жұмыстары жүргізіле бастады.

- 2018 жылы Семей қаласының маңындағы Сұлужон және Глубокое ауданының аумағындағы Белокаменка-Бобровск кен орындарында барлау жұмыстары басталды, - деп хабарлады "Востокказнедра" өңіраралық департаментінің басшысы Серік Келеманов.

«Востокказнедра» өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі таңда игеріліп жатқан кен орындарындағы көмір қоры 902 миллион тоннаны құрайтын көрінеді. Бұл жерде Алакөл, Қаражыра және Кендірлік кен орындарындағы көмір қоры туралы айтылып отыр.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ