Киім өлшемдерін қалай анықтауға болады?

809
көрілім

Бұрындары киім сатып алғанда өлшемдері сатып алушыға түсінікті болатын еді. Қазіргі уақытта шетелден тасымалданатын киімдердегі әртүрлі әріптер мен сандарды түсіну мүмкін болмай кетті. Дүкенге барғанда қай киімнің қандай өлшемге шақ екенін білмей қиналамыз. Осыған орай газет бетінде шетелдік киімдердің өлшемдерін біздің еліміздегі стандартты өлшемдерге сай салыстырмалы түрде көрсетіп, анықтап берсеңіздер екен.

Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Әлем елдерінде әртүрлі киім өлшемдері қолданылады. Халықаралық стандарттарда киім өлшемдері кейде латын әріптерімен, кейде сандармен белгіленеді. Төменде аталмыш өлшемдер туралы ақпаратты оқырман назарына ұсынамыз.

Киімнің негізгі өлшемдері:

XS eXtra Small Өте кішкентай
S Small Кішкентай
M Medium Орташа
L Large Үлкен
XL eXtra Large Өте үлкен
XXL eXtra eXtra Large Өте-өте үлкен

Ерлер киімінің өлшемдері:

XS

S

M

L

XL

XXL

ХXXL

44

46

48

50

52

54-56

58-60

Ерлер жейдесінің өлшемдері:

S (37-38)

44-46

M (39-40)

48

L (41-42)

50-52

XL (43-44)

54

XXL (45-46)

56

ХXXL (47-48)

58-62

Ерлер шалбарының өлшемдері:

Халықаралық өлшемі 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40
Қазақстандық өлшемі 42 44 44-46 46-48 48 50 50 50-52 52 52-54 54 54-56 56

 

Әйелдер киімінің өлшемдері:

XS

S

M

L

XL

XXL

ХXXL

ВXL

ВXXL

ВХXXL

42

44

46

48

50

52

54

56

58

60

Әйелдер көйлегінің өлшемі:

Еуропалық өлшем 34 36 38 40 42 44 46 48 50 52
Қазақстандық өлшем 40 42 44 46 48 50 52 54 56 58

Әйелдер шалбарының өлшемдері:

Халықаралық өлшем 25 26 27 28 29 29-30 30-31 32 34
Қазақстандық өлшем 42 42-44 44-46 46 46-48 48 50 52 54