Көкпекті ауданының әкімі болып Серікқазы Сәдуақасов тағайындалды

805
көрілім

Ол осыған дейін Тарбағатай ауданын басқарған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Серікқазы Сәдуақасов 1961 жылы 26 мамырда бұрынғы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные горные орлы» ұжымдық шаруашылығы «Тесіпақан» ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады.

1986 жылы «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының бас малдәрігері, 1992-1994 жылдары Үржар аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас малдәрігері, кейін «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылық басшысы, «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығының төрағасы, «Жаңатілек» ЖШС-ға басшылық етті. 1997-2012 жылдар аралығында аудандық ветеринариялық станциясының бас малдәрігері, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, 2014-2019 жылдар аралығында Үржар ауданы әкімінің орынбасары болды.