Көкпектілік тұрғыннан оқ-дәрілер тәркіленді

409
көрілім

Қаңтар айының соңында «Қару» жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында Көкпекті аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 63 жастағы ауыл тұрғынының үйіне тінту жүргізген кезде әр түрлі калибрлі төрт бір ұңғылы және екі ұңғылы қару табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, 16 патрон, 18 гильзаға арналған патрон және қаптамадағы пышақ табылып, тәркіленген.

- Тергеу-баллистикалық сараптама тәркіленіп алынған заттардың спорттық және аңшылық ойық қаруларға арналған оқ-дәрілер атуға жарамды екенін көрсетті. Зауыттық тәсілмен жасалған пышақ аңшылыққа арналған, суық қару болып саналады,- деді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

– Аталған бап санкциясына сәйкес 5 мың АЕК-ге (14 млн.585 мың теңге) дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, не бес жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазасы көзделген. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, – делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.