Көлігімен марихуана тасымалдаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды

338
көрілім
Шартты фотосурет

Қараша айының ортасында жедел уәкілдерге облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеруді нәтижесінде ақпарат расталып, 15 қараша күні қала көшелерінің бірінде күдікті қолға түсті.

Берілген мәліметке сүйенсек, көлігін тінту барысында өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен 33 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы - 1548,76 гр. кептірілген марихуана есірткі құралы болып шықты.

- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігіне сәйкес (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.