Күрес түрлерінен жаһандық жарыстың орнына Әлем кубогі өтетін болды

454
көрілім
Фотосурет wrestling.kz сайтынан

Біріккен Күрес әлемі атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күні кеше аталған аламанның өтуіне кедергі көп екендігі жазылған еді. Сол рас болып шықты. Қараша айының 10-ы күні өткен бейнеконференция тәртібінде өткен жиында аталған сауалдың жауабы берілді.
– Әлем чемпионаты басқаша сипатта жалауын көтермек. Сербиядағы сайыстың форматы өзгеріссіз қалады. Дегенмен бұл Әлем чемпионаты емес, жекелей Әлем кубогі түрінде өтпек. Уақыты мен өтетін жері өзгеріссіз қалды, – деді спорт мамандары.
Дегенмен жарыс форматы өзгерсе де ел құрамасының қатысуы екіталай.