Күршім ауданында 90 млн теңге тұратын маммографиялық аппарат 34 күн кешіктіріліп жеткізілген

612
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Ресми ақпаратқа сүйенсек, осы тақылеттес жайт өңірдегі екі ауданда тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ақпаратынша, ауруханалар тауар жеткізушіге медициналық жабдықтың уақтылы жеткізілмеуі бойынша төленген ақыны қайтарып беру туралы талап қоймай жатады.
- Мәселен, Күршім аудандық ауруханасы 90 млн теңгеге бағаланған маммографиялық аппаратты жеткізу уақытынан 34 күн өткеннен кейін ғана алды. Сол уақыттағы айыпақы (неустойка) 500 мың теңгеден асты. Ол сома өндірілген жоқ, – деді Депармент басшысы Денис Шакенов.
Осындай жағдай Глубокое ауданында да тіркелді. Ол жақта құны 400 млн теңгеден асатын ИВЛ аппараты екі айдан соң кешіктіріліп жеткізілді. Айыпақы шамамен 900 мың теңгеге жетті. Ол да өндірілген жоқ.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті өкілдері медициналық техниканы қолданысқа беру кезінде оның жағдайын арнайы сервистік компаниялар тексеруі қажет екенін айтты.

Әділхан ЕСІМХАНОВ