Күршім ауданында 94 шақырым жол жөнделмек

855
көрілім

Өңір әкім Ермек Көшербаевтың Күршім ауданына жасаған іссапары кезінде жол жөндеу үшін 2024 жылы 2,9 млрд теңге қаржы бөлінетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қай жолдардың бірінші кезекте жөнделетінін аудан басшылығы жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып шешетін болады. Жоспарға сәйкес келер жылы 94 шақырым қамтылуы тиіс.

Сондай-ақ аудан орталығы Күршім ауылында кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жұмысты аяқтау үшін 4 миллион теңгеден астам қаржы қажет. Аталған мәселені аудан тұрғындарының бірі облыс әкімінің  алдында көтерді.

Облыс әкімі қажетті қаражатты қарастыруға тапсырма берді және бұл мәселені назарына алатынын жеткізді.

Айта кетейік, 2024 жыл аймақ бойынша "Жол жылы" болып жарияланды. Келер жылы өңірде жолдарды жөндеуге және жол құрылысына бөлінетін қаржы екі есе көбейтіледі. Соның арқасында 600 шақырым жол мен көшелер ретке келтірілетін болады.