Күршім ауданындағы «Қызыл Ту» өткелінде кезекті реттеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылмақ

851
көрілім
Шартты сурет.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Қызыл Ту» өткеліндегі ұзын-сонар кезекті реттеу үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Көпшіліктің Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл Ту» өткеліндегі паром жұмысына наразылықтарын білдіріп жатқандығы белгілі. Тиісті жөндеу жұмыстары аяқталмаған өткел кестеден ылғи кешігіп келеді. Осы мәселенің мәнісіне үңілген аймақ басшысы Даниал Ахметов паромға бейнебақылау камерасын орнату қажеттігін айтқан болатын. Бүгінгі «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросы отырысында облыс әкімі өткелдегі кезекті реттеу үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

- Арнайы топ құрып, оған заңгерлерді тарту қажет. Өткелді жалға алған ЖШС-мен келісімшарт дұрыс жасалмаған. Бәрін қайта тексереміз, - деді Даниал Ахметов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ