Мамандар Өскеменде қашан жылу өшірілетінін айтты

154
көрілім
Фотосурет open-kz.kz

Ресми аұпаратқа сүйенсек, 17 сәуір күні Өскеменде жылу беру маусымы аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Жылу электр орталығы мамандары ұзын-сонар жауаптарын ұсынып, жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII «ШҚО-да жылу беру маусымын өткізу және дайындау қағидаларына» сәйкес ғимараттарда орташа тәуліктік температураның тұрақталуына байланысты қабылданды деп жазды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті), Геологиялық көшесі, 1/9 бағытындағы ОЖН №3 қазандықтың жылу көздеріне қосылған тұтынушылардың өтініші бойынша төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
- балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқ мекемелерге - 24.05.2024 ж. дейін;
- жылыту жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар, меншік нысандары әртүрлі жеке және заңды тұлғаларға - 24.05.2024 ж. дейін.