Марқакөлде азық-түлік қоймасы өртенді

3224
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Марқакөл ауылында азық түлікті уақытша сақтауға арналған қойма өртенген, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Алдымен қойманы шарпыған қызыл жалын кейін азық-түлік өнімдері мен тоңазытқыш жабдықтарына жайылған. Өрт қамтыған жалпы аумақ  25 шаршы метрді құрады, – делінген мәліметте.
 
Департамент өкілдері өрттің шығу себебін электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау және қауіпсіздік шараларын сақтамаумен байланыстырды.