Марқакөлде топырақ көшкіні жүріп, жол жабылды

163
көрілім
Фотосуреттерді оқырман ұсынды

Ресми ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін таңертең «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында («Мраморное» асуы маңы) топырақ көшкіні жүрген. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды.  


Болған жағдай туралы «ОблШығысЖол» қызметкерлері мәлімдеген. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Айта кетсек, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.