Мерекелік медальмен марапатталды

322
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында Астана қаласының 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілерге мерекелік медаль табысталды. Шараға аймақ басшысының бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев қатысты.

– Еліміздің Елордасы жыл өткен сайын ерекше көркейіп келе жатыр. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен ерен еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта Астанамыздың одан да жандана түсетіндігі сөзсіз, – дейді Ерлан Қапарұлы.

Шара соңында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының және Астананың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана-20 жыл» мерекелік медалін табыстау рәсімін өткізді. Елбасының Жарлығымен берілген медальді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк, облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов, облыс әкімінің аппарат басшысы Ринат Омаров, ШҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев, Семей қаласының әкімі Ермак Салимов, Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонысов, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев, ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева, Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев иеленді.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ