Мұғалімдерге қанша сағат берілуге тиіс?

443
көрілім
Мектепте мұғаліммін. Маған барлығы 18 сағат беріліп отыр. Басқа мұғалімдерде 27-36 сағаттан берілген. Білгім келетіні, заң бойынша әр педагог қызметкерге қанша сағат жүктелуге тиіс?
Қадырқанова М., Катонқарағай ауданы
Сіздің сауалыңызға ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары С.Жумадилова жауап береді:
Білім басқармасы «Білім беру» туралы ҚР Заңының 52-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 18 cағат: орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін белгіленеді.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.