«Науқас әйеліме ақша керек»: Өскемен тұрғыны халықты алдап ақша сұраған

232
көрілім
Фото: aif.ru сайтынан

Тұрғындардан 150 000 теңге жинап, оны жұмсап үлгерген ер адамды түрмеге қамады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Әйелім қауіпті ісікке шалдығып, отасына шұғыл қаражат керек» деген ол халықты алдаған. Біреулер ақшалай көмек берген, кейбіреулерге дизельдік отын талондарын сатып алуды ұсынған. Ақшаны қалтасына басып, ертеңінде із-түссіз жоғалды.
Өскемен қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3 бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық, яғни бірнеше рет жасалған алдау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша іс қарады.
Сот шешімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.