Нөмір сәйкессіздігі кедергі келтіре ме?

390
көрілім

Жақында еліміздің өзге облысынан автокөлік сатып алған едім. Шығыс Қазақстан облысына әкеліп тіркеуге қоймақ болған кезде көлік рамасындағы бір нөмірдің көліктің тіркеу төлқұжатында жазылған нөмірмен сәйкес келмейтіндігі анықталды. Білгім келетіні, бір санның сәйкес келмеуі көлікті тіркеуге қоюға кедергі келтіруі мүмкін бе? Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңыз бойынша жауап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті бастығының жеке болгында жарияланған:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығының талаптарына сәйкес, агрегаттардың нөмірі көрсетілген немесе тіркеу құжаттарымен сәйкес келмесе бірден ішкі істер бөліміне хабарлап, құжаттарын жергілікті ішкі істер бөліміне жөнелтеді (22-тармақ). Бірыңғай ақпараттық жүйеге және тіркеу деректерінде айырмашылығы бар көлікті тіркеу төлқұжатына түзетулер енгізу ішкі істер органының шығарған қорытындысына сәйкес енгізіледі. Көлік құралын тіркеу мәселесі бойынша автокөлік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеу-емтихан бөліміне жүгінуі тиіс.