Нұрсұлтан Тұрсынов Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды

152
көрілім
Фотосурет Qaz_olympics парақшасынан

Семейлік палуан финалда Иран елінің өкіліне есе жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

87 келіге дейінгі салмақта боз кілемге беттеген спортшы іріктеу белдесулерін, жартылай финалды ойдағыдай өткізді. Асыра лақтырған әдістері айқын жеңіс сыйлады. Дегенмен шешуші сында ирандық Насер Ализадеден 0:5 есебімен жеңіліп, екінші жыл қатарынан құрлықтық біріншілікте күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, жерлесіміз биыл ел намысын Париж Олимпиадасында қорғайды.