Онколог дәрігерлерге де психолог керек

318
көрілім

Бүгін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында медицина қызметкерлері БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында онкологиямен күресіп жатқан науқастарға қажетті технологиялар талқыланды.
– Науқастың егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін көрсететін компьютерлік томография өңір бойынша Өскеменде ғана болған. Кейін облыстың бірнеше аймағына жеткенімен, шалғай жерлердің тұрғындарына тапшы еді. Биыл әр ауданды жылына екі компьютерлік томографиямен жабдықтандыру жоспарға қойылған, – деді ұйымдастырушылар
Сондай-ақ онкологиямен күресуге арналған әдістерді жаңарту ақ халаттылардың басты мақсаты. Мамандар сөзінше, көпке белгілі сәулелі және химия терапиялардың түрі көп. Осы ретте химиялық терапия алатын науқастардың саны 4 мыңнан астам. Ондай әдіс көп таралғандықтан, қажетті препараттар да қымбат.
– «Қазақстан халқына» атты қор қаржылай көмек беріп отырады. Химия – өте қауіпті заттар болғандықтан, оны өндіру үшін қауіпсіздік шараларын сақтай алатын мамандар керек. Жыл сайын химиялық терапиямен айналысатын кадрларды даярлап, білімдерін арттырамыз, – дейді ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Ғабдулқызы.


Шығыс өңірі тек қана жоғарыда келтірген онкологиямен күресетін методикалармен тоқтап қалмайды. Директордың айтуынша, облыс үшін басты мақсат болып саналатын тағы бір диагностикалық әдісті енгізген жөн. ПЭТ/КТ – ісік местазаларын іздеп, тиісті диагнозды көруге мүмкіндік береді.
– Осындай күрделі бағдарламаны қолданысқа енгізудің өзі жаңадан зауыт салғанмен бірдей. Мамандарды жан-жақты даярлау керек, ал бұған бірнеше жылдың уақыты жетпейді. Бұл жоба адамға қандай нәтиже береді? Радиоактивтерді ағзаға енгізген кезде радиофандар бір орталыққа жиналып, әдетте мұндай диагноздарды қою қиынға соғады. Жалпы радиоактивті заттарды өңдіру үшін де арнайы бункер сияқты бөлмелер керек. Бұл технологияның дамығаны сонша, мида қалыптасқан обырды ғана емес, өкпе мен сүйектерде пайда болған ісікпен күресуге септігін тигізеді,  - дейді директор.
Диагнозды науқастарға айтып жеткізу көп жағдайда қиынға соғады. Осы ретте әлеуметтік қызметкер және психолог көмегі қажет. Гүлмира Сагидуллина «науқаспен бірге уайымды бөлісетін психолог та керек» десті.

Валентина ГЕОРГИЕВНА