Өскемен қаласында «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқау өтті

540
көрілім

О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Елордамыздың 20 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Бұл сайысқа алты команда қатысты. Шараның негізгі мақсаты — Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, беделін арттыру. Бүгінгі шараға ат салысып жатқан мемлекеттік басқармаларға алғысымды білдіремін, - деді Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Сағымқызы.

Тартысты өткен сайыста 1 орынды ШҚО мемлекеттік кірістер Департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Форос» командасы қанжығаларына байласа,  2 орынды Өскемен қаласының мамандандырлыған әкімшілік сотының «Сот саңлақтары» командасы иеленді. Үздік үштікті №5 Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «Мирас» тобы тәмәмдады.

Жеңімпаздарға қалалық әкімдіктің атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.