Өскемен қаласында жылы аялдамалар саны артады

352
көрілім

Жылы аялдаманы қаланың сол жағалауына орнату жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, жылы павильон «Спорт кешені» аялдамасына орнатылады.

Алайда бұл мақсатта қаржы қайдан бөлінетіні әлі шешілмеді. Естеріңізге сала кетейік, жақында Стрелка ауданында демеушінің көмегімен жылы аялдама орнатылған болатын.